27 мамырда «Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ директорының орынбасары – Смағұлова Асель Маратқызы жергілікті «KOKSHE NURY» телеарнасының тікелей эфиріне қатысты. Биыл ол Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Тікелей эфирде кітапхананың қазіргі қоғамдағы орны және ең көп оқылатын кітаптар туралы әңгіме өрбіді.