Соғыс балалардың көзімен

6 мамыр шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде Жеңіс Күніне арналған «Соғыс балалардың көзімен. War Through the Eyes of Children» атты тақырыптық-сағат өткізілді.
Кездесу қонақтары – №2 ОМ оқушылары.
Балалар бүгінгі талқылауға қызығушылықпен қатысып, сұрақтар қойып, батырларымыздың асқан ерлігі мен батырлығы туралы әңгімелесті. Іс-шара барысында балалар бүкіл ел үшін осынау айтулы мереке жайлы және сұрапыл соғыс кезіндегі оқиғаларды ашып баяндайтын кітаптар мен әдебиетпен танысты. Сондай-ақ, өскелең ұрпақ Ұлы Отан соғысының қазақстандық батырлары, өңіріміздің белгілі тұлғалары туралы және олардың еш нәрсеге қарамастан жеңіске ерлікпен және табандылықпен жеткені жайлы сөз қозғады.
Жеңіс Күні – еліміздегі айтарлықтай маңызды мерекенің бірі. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы атап өтіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *