Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жеңіс күніне арналған «Соғыс өрті өткен балалық шақ» атты батылдық сабағын өткізді. Іс-шараға Бурабай атындағы колледж студенттері қатысты.
Шара барысында қатысушыларға Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы балалар тағдыры, олардың майдан мен тылдағы ерлігі туралы кеңінен мәлімет берілді. Кітапхана қызметкері сол кездегі ауыртпалықтар мен қиындықтарды бастан кешкен жас жеткіншектердің тағдырына тоқталып, тарихи деректер мен көркем шығармалардан үзінділер ұсынды. Іс-шара патриоттық рухты көтеріп, жас ұрпақтың тарихқа деген құрметін арттыра түсті.