4 қараша күні М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК ақпараттық-библиографиялық бөлімі Көкшетау қаласы №2 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушыларына «Су – тіршілік көзі» атты ақпараттық тайм өткізді.
Мақсаты:
– оқушылардың су туралы білімін кеңейту;
– судың адам өміріндегі, табиғаттағы және экологиялық жүйедегі маңызын түсіндіру;
– табиғи байлықты — суды үнемдеп пайдалану мен қорғауға тәрбиелеу;
– экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлық сезімін ояту.
Оқушыларға су, оның пайдасы, суды үнемдеу жолдары және табиғатты қорғау жайлы баяндалды. Оқушылармен су тақырыбында пікірталас жүргізілді. Оқушылар өз ойларымен айқын бөлісіп, сұрақтарға тартынбай жауап берді. Дұрыс жауап берген оқушыларға суға байланысты мақал-мәтелдер жазылған жетондар таратылды. Іс-шарада М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қорындағы су, су ресурстары, Қазақстан өзен-көлдері, су астындағы тіршілікке байланысты журналдар мен әдебиеттерден көрме ұсыныып, шолу жасалынды.
Су – жер бетіндегі барлық тіршіліктің негізі. Онсыз адам да, жануар да, өсімдік те өмір сүре алмайды. Сондықтан әр адам судың қадірін біліп, оны үнемдеп, таза ұстауға атсалысуы қажет. Су – табиғаттың ең қымбат байлығы, оны сақтау – бәріміздің ортақ міндетіміз.4 қараша күні М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК ақпараттық-библиографиялық бөлімі Көкшетау қаласы №2 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушыларына «Су – тіршілік көзі» атты ақпараттық тайм өткізді.
Мақсаты:
– оқушылардың су туралы білімін кеңейту;
– судың адам өміріндегі, табиғаттағы және экологиялық жүйедегі маңызын түсіндіру;
– табиғи байлықты — суды үнемдеп пайдалану мен қорғауға тәрбиелеу;
– экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлық сезімін ояту.
Оқушыларға су, оның пайдасы, суды үнемдеу жолдары және табиғатты қорғау жайлы баяндалды. Оқушылармен су тақырыбында пікірталас жүргізілді. Оқушылар өз ойларымен айқын бөлісіп, сұрақтарға тартынбай жауап берді. Дұрыс жауап берген оқушыларға суға байланысты мақал-мәтелдер жазылған жетондар таратылды. Іс-шарада М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қорындағы су, су ресурстары, Қазақстан өзен-көлдері, су астындағы тіршілікке байланысты журналдар мен әдебиеттерден көрме ұсыныып, шолу жасалынды.
Су – жер бетіндегі барлық тіршіліктің негізі. Онсыз адам да, жануар да, өсімдік те өмір сүре алмайды. Сондықтан әр адам судың қадірін біліп, оны үнемдеп, таза ұстауға атсалысуы қажет. Су – табиғаттың ең қымбат байлығы, оны сақтау – бәріміздің о