Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» ақпарат плюс ұйымдастырды.
Сыбайлас жемқорлық ежелгі дәуірде пайда болған және қазіргі уақытта жалғасып келе жатқан күрделі әлеуметтік құбылыс ретінде әрекет етеді. Өкінішке орай, сыбайлас жемқорлық қоғам өмірінің барлық салаларында бар және әртүрлі формалар мен түрлерде көрінеді. Сыбайлас жемқорлық қоғамды іштей бұзады, егер бәрі оған қарсы бірге күрессе ғана оны жеңуге, жоюға болады.