Сұлулық пен жетістіктің үйлесімі

Наурыздың 5-і күні Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның ұйымдастыруымен «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» арналған «Сұлулық пен жетістіктің үйлесімі» атты кездесу кеші өтті. Іс-шара талантты ақын ұл-қыздардың аруларға арнаған өлеңдерімен ашылды.
Бұл кешке «АҚАЙ» сән үйінің бастығы – Ғалия Серікқызы Алдабергенова; Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК, өнер бөлімінің меңгерушісі – Бостангүл Азатқызы Ерманова; «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ бас маманы – Раиса Булатовна Жангалиева; Мәлік Ғабдуллин музейінің аға-ғылыми қызметкері – Аягөз Мұратқызы Махметова арнайы қонақ болып шақырылды.
Олар келген студенттерге өз өмірлері жайлы сыр шертті. Еңбек жолында қиыншылық пен қуаныштың қатар жүретінін жастарға түсіндіріп, алға қойған арман-мақсаттарға қалай жету керектігін өз тәжірибелерімен түйді.
Іс-шараға қатысушы жастар тарапынан да түрлі мағыналы сұрақтар қойылды және оған шараның басты қонақтары тұшымды жауап берді.
Сұқбат түрінде өткен кездесу – танымды әрі тағылымды кеш боп өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *