Сәкен Жүнісов бойынша оқырмандар конференциясы

Биыл Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтың туғанына 90 жыл толды. Осы мерейтой аясында М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмебап ғылыми кітапханасы С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романы бойынша оқырман конференциясын ұйымдастырды. Конференцияға Ш.Уәлиханов университетінің студент жастары қатысты. Жастар іс-шараға белсене қатысып, шығарма жайлы пікір білдіріп отырды.
«Жапандағы жалғыз үй» шығармасы қос ғасырды кезек-кезек алмастырып, кеңістік пен уақытты ауыстырып суреттеу әдісі арқылы жазылған, қазақ әдебиетіне келген тың жаңалық болды. Автор кейіпкерлердің тағдыр жолының арасына көпір тастап, салыстыра суреттеп, соңғы түйінді оқырманның еркіне қалдырады. Уақыт арасындағы және кейіпкерлер арасындағы байланыс сәтті бейнеленеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *