Табиғатты бағала да аяла!

5 маусым шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде «Лингвотоқсан» аясында 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «Табиғатты бағала да аяла! Пока не высушен родник. We care for our Planet» атты «LingvaRoom» жобасы аясындағы отырыс өткізілді.
Кездесуімізге №1 мектеп оқушылары қатысты. Балалар бөлім жұмысымен танысып, басты тақырыпты талқылауға көшті. Өз ойларымен бөлісіп, қонақтарымыз кішігірім пікірталас пен сұрақ-жауап түріндегі ойынға белсене қатысты.
Шараның басты мақсаты – табиғаттың адам өміріндегі алатын орнын кеңінен таныстырып, оны қорғауға, аялап сақтауға бүгінгі қонақтарымыз сияқты өскелен ұрпақты тарту. Сонымен қатар, экологиялық білім деңгейін арттыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу және қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *