22 сәуір күні шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде «LingvaRoom» жобасы аясындағы, 22 сәуір – Халықаралық Жер күніне арналған отырыс өтті.
Отырыс тақырыбы: «Табиғатты қорғау – болашақты ойлау. Охранять природу – значит беречь будущее. Ecological Day». Бұл адамдардың назарын қоршаған орта мәселелеріне аударуға және балалардың біздің планетамызға саналы және ұтымды көзқарасын қалыптастыруға бағытталған маңызды оқиға.
Қатысушыларға табиғат, қоршаған орта туралы кітаптар, презентациялар ұсынылды және отырыс соңында интеллектуалды ойын өткізілді. Отырыс Антуан де Сент-Экзюперидің «Маленький принц» шығармасындағы сөздермен аяқталды: «Бұл әрине тәртіп мәселесі… Таңертең ұйқыдан тұрып, жуынып-шайынып болған соң, планетаңды ретке келтіруге көшу керек».