9 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қала мектептерінің бастауыш сынып оқушылары үшін «Таза Қазақстан» Экологиялық мәдениетті дамыту концепциясы аясында «Таза қала – жарқын болашақ» атты дөңгелек үстел өткізді.
“Таза Қазақстан” акциясы — қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды бастама. Бұл шараның басты мақсаты — тек қалалар мен ауылдарды емес, табиғи орта мен мәдени ескерткіштерді де таза ұстау.