Татулық тамыры тереңде

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Татулық тамыры тереңде» атты жастар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шара Ассамблеяның 30 жылдығына орайластырылды.
Алғаш сөз кезегін алып, «Бірілк пен келісімді нығайтқан 30 жыл» тақырыбында баяндама жасаған Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Нилуфар Азизовна. Еліміздің нығаю жолында Ассамблеяның 30 жылда атқарған жұмысы, бірлік, татулық, келісіп концепцияларын нақты түсіндіріп берді.
Ал, Айдана Жұманқызы Ш.Уалиханов университетінің 4 курс студенті «Ассамблея және тұрақтылық» тақырыбында баяндама оқып, көкейде жүрген көп түйткілге кілт салды. Тыңдарманд

ардың сұрақтарына жауап қатып, тыңғылықты тиянақтап берді.

Одан кейін, Евгения Игоревна Ш.Уалиханов атындағы көпсалалы колледжінің 3 курс студенті «Ассамблея – тарихымыздың ізі, бірлігіміздің ұйытқысы» атты тақырыпта баяндама жасап, тарихтан сыр шертетін, қойнаудағы қазына тарихты қазан бетіне шығарып баян етті. Айта кетейік, «Татулық тамыры тереңде» атты дөңгелек үстелге №21 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Әнуар Есмагулов «Тепеңкөк», «Балбырауын» күйлерін шертті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *