Терроризмге қарсы іс-қимыл

2 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі – оқу залы секторы әлеуметтік желі қолданушылары үшін «Терроризм және адам қауіпсіздігі» атты инфотайм дайындады. Терроризм ең тұрақты мемлекеттердің де қауіпсіздігін шайқалтуға қабілетті аса өткір жаһандық мәселелердің қатарына өтті. Терроризмге қарсы күрес, әлемде экстремизмді қабылдамау атмосферасын қалыптастыру, оның құрбанына айналған адамдарға көмек көрсету – қоғамның жалпы күш-жігерін біріктіруді талап етеді.
Бітімсіздік, батылдық және профилактикалық іс-шаралар – террористік қатерлерге қарсы күрестің негізгі шарттары болып табылады.