«Туған күніңмен, Көкшетау!» атты open air

024 жылдың 12 маусымы күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен батыр-хандардың, сал-серілердің мекені Көкшетаудың 200 жылдығына арналған «Туған күніңмен, Көкшетау!» атты open air өтті.
Іс-шараның мақсаты:
• Көкшетаудың 200 жылдығының жоғары деңгейде аталып өтілуіне атсалысу;
• Балаларға Көкшетаудың тарихынан мәлімет беріп, түсіндіру;
• Көкше өңірінен шыққан ақын-жазушылардың кітаптарын насихаттау;
• Жас ұрпақтың туған жерге деген махаббаттарын күшейту.
Ашық аспан астындағы іс-шараның спорттық алаңында балалар қазақтың ұлттық ойындары асық пен тоғызқұмалақ ойнаса, шығармашылық алаңда сурет салып, қиялдарын шыңдады. Келген қонақтар Көкше өңірі жайлы және ақын-жазушыларының кітаптарынан құралған «Туған күніңмен, Көкшетау» атты кітап көрмесі мен Көкшетау балалар көркемсурет мектебінің «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты сурет көрмесін тамашалады. Кітапхана қызметкерлері шетел жазушыларының кітаптарынан буккроссинг ұйымдастырды.
Іс-шараға арнайы шақырылған жергілікті жазушы – Дана Жантемирова балаларға жазғы демалыстарында оқуға болатын кітаптарға байланысты кеңес берді. Өзінің «Мозаика» кітабының қысқаша мазмұнына тоқталды.
Болашақ сарайының «Жұлдыздар» дуэті, «Шабыт» білім және шығармашылық орталығының өнерпаздары әсем ән, тамаша бимен іс-шараның сәнін келтірді. «Думан» педагогикалық жасағының тәлімгерлері балалармен қызықты ойындар өткізді.
Іс-шара соңында кітапхананың директорының орынбасары Галина Василевна балаларға ақ тілегін айтып, аяқталған оқу жылында кітапхана іс-шараларына белсене қатысқан жетекші мұғалімдерге алғыс хат табыстады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *