Тіл – достықтың алтын көпірі

іл – қоғамдық құбылыс, ол адамзаттың бүкіл өмір сүру тарихында қызмет етіп келеді. Тіл арқылы адамдар өз ойларын, қалауларын, сезімдерін жеткізеді.
Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі 30 қыркүйек – Халықаралық аудармашылар күніне арналған «Тіл – достықтың алтын көпірі. Язык – опора дружбы. How many languages you know, so many times you are a person» атты кітап көрмесін дайындады.
Бөліміміздің оқырмандары бірнеше шетел тілін меңгеруге ұмтылады, сондықтан көрмеде ең таңдаулы кітаптар ұсынылды: түрлі-түсті өзіндік оқулықтар, оқу құралдары мен оқу кітаптары, аударма көркем әдебиеттер, әңгімелесу кітапшалары мен сөздіктер әлем тілдерінде: ағылшын, неміс, француз, поляк, испан, итальян, жапон, араб, қытай және т.б.
Заманауи өмірдің ырғағынан қалыспаңыздар!