Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің студенттерімен «Тіл тазалығы — ұлт тазалығы»
атты оқырман конференциясын өткізді.
Аталмыш конференцияда тілдің ұлттың маңызды белгісі екендігі, оның мәдениет, дәстүрлер мен ұлттық өзіндік ерекшелікті сақтаудағы рөлі және қазіргі заманғы қазақ тілінің тазалығын сақтау мәселелері жөнінде айтылды.