2020 жылдың қыркүйек айы, М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК шет тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі үшін «Қазақстан халқының тілдері күні», «Дүниежүзілік тіл күні», «Халықаралық аудармашылар күні» сияқты мерекелермен ерекшеленеді.
2020 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан халқының Тілдері күніне арналған “Friendship” (достық) атты жазғы демалыстан кейінгі бірінші отырысы өтті.
Негізгі тақырып: ««Тіл – халық қазынасы» – «Народа каждого язык прекрасен, и велик».
Отырыс ойын түрінде өтті. Біз демалыстың қалай өткендігі туралы әңгімелестік. “Көбірек сөздерді есіне алу” ойынын ойнап, әр тілде сәлемдесу сөздерін еске түсірдік, қонақжай қазақ жерінде тұратын ұлттардың жарқын және өзіндік мәдениеті туралы слайдтарды көрдік. Қорытынды аккорд – барлық қатысушылардың “Hello to all the children of the world” әнін орындауы болды.