Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Көкшетау «Арна» колледжінде Тәуелсіздік күніне орай «Бағдар айқын, белес биік» атты патриоттық кеш өткізді. Іс-шара жастарды отансүйгіштікке баулу, елге, тілге деген құрметтерін арттыру, патриоттық тәрбие беру мақсатында өтті.
Іс-шара барысында студенттерге 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі жайлы деректер айтылды. Студенттер де Азаттық жайлы өз ойларын еркін жеткізіп, іс-шараға белсене қатысты.