Тәуелсіздік күні. Қазақ жерінің хандары

 

Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында, 2020 жылдың 15 желтоқсанында «Funny English» БАК Балалар Ағылшын Клубының «Қазақ жерінің хандары. Khans of Kazakh Land» атты медиа-adventure отырысы өтті. Біз Қазақстан тарихындағы қызықты деректер туралы әңгімелестік. Клуб мүшелерінің әрқайсысы осы тақырып бойынша үш тілде өлең оқыды. Бұл біздің жас полиглоттарымыздың дәстүріне айналды. Осылайша, әр қатысушы пікірталасқа қатысты. Сондай-ақ, осы отырыста біз шағын ағылшын тілін дамыту үшін:  глоссарийді(транскрипциясы мен аудармасы бар сөздерді), клише-сөздерді және «Who is our President?», «What do you know about our country?” және басқа сұрақтарға жауап беруді үйрендік. Сонымен қатар, біз “My Motherland” тақырыбы бойынша жаңа лексиканы үйрендік. Біздің отырысымыз өте жемісті өтті.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *