Тәуелсіздік тірегі – Ата заң

27 наурыз 2025 жылы Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі – Ата заң» кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде Конституциялық заңға, мемлекет тарихына және Конституцияның құрылу тарихына арналған кітаптар, журналдар, анықтамалық басылымдар ұсынылған. Көрменің мақсаты – мемлекеттік заңдарды сақтаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың азаматтық тәрбиесін дамыту, сонымен қатар азаматтық бастама мен азаматтық жауапкершілікті дамыту. Пайдаланушылар назарына көрме бойынша ақпараттық шолу ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *