Тәуелсіздік тірегі – Ата заң

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залы қызметкерлері Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Тәуелсіздік тірегі – Ата заң» кітап көрмесі ұйымдастырды. Конституция күні — Қазақстанда жыл сайын 30 тамызда атап өтілетін ресми мемлекеттік мереке. Бұл мереке Қазақстан халқының ерік-жігерін, оның елді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітуге деген ұмтылысын көрсетеді. Көрмеде қазақ мемлекетінің қалыптасуы туралы кітаптар, қазіргі Қазақстан туралы журналдар және біздің мемлекеттілігіміздің дамуының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық – саяси және мәдени салаларда болып жатқан барлық кезеңдері бейнеленген Қазақстан Республикасы Конституциясының мәтіні ұсынылды. Шоқан Уалиханов атындағы колледжінің студенттеріне кітап көрмесіне шолу өткізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *