Тәуелсіз ел – тұғырлы болашақ

15 желтоқсан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен «Ананың жолы» мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналар қауымдастығы бірлесіп, Тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіз ел – тұғырлы болашақ» атты сурет байқауын өткізді. Сурет байқауы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жақсылық шуағы» кітапханалық клуб мүшелерінің арасында өтті. Сурет байқауына қатысушылар Тәуелсіздік тақырабында өз жұмыстарын ұсынды. Қазылар алқасының шешімімен жүлделі орындар анықталып, үздік жұмыстар марапатталды.