М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі оқырмандардың назарларына “Тәуелсіз ел – Қазақстан!” атты таймлапс ұсынады.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік – ең қымбат» атты мақаласы әрқайсымыздың жүрегімізде үн тапты.
Кітапхана қызметкерлері үшін бұл біздің еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу мен сақтаудағы әрі қарайғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нақты бағдары болып табылады. Президенттің мақаласында алдағы міндеттер нақты көрсетіліп, еліміздің 30 жылдағы дамуы қорытындыланды. Қазіргі кезде әрқайсымыз үшін ең асылымыз – ата-бабамыз талай жылдар арман еткен ел Тәуелсіздігі. Қазіргі Қазақстанның басты байлығы – бұл оның «ата-бабамыздан мұра болып қалған киелі жері», – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы өз мақаласында. Кітапханашылар Мемлекет басшысының Тәуелсіздік тұсында отандық тарих ғылымы тың серпінмен дамыды деген пікірімен келіседі. Археологтардың арқасында бұрын белгісіз болған көне қоныстар, Дала өркениетінің археологиялық қазыналары ашылды. Президент мақаласында патриотизмнің жасампаз күшке ие болуы керектігін атап көрсетеді. Таймлапсте кітапхана қорындағы Қазақстан Республикасындағы Тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы туралы мазмұнды ақпарат беретін кітаптар ұсынылған.