Төлеген Қажыбай

2023 жылдың 28 қыркүйегі күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Болашақ сарайының үлкен залында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжімен бірлесіп, ақын, жазушы-драматург, журналист Төлеген Сыздықұлы Қажыбайдың шығармалары көптомдығының баспадан шығуына орай ұйымдастырылған «Төкеңнің төл мұрасы» атты тұсаукесер рәсімін ұйымдастырды.

Бірлік пен берекенің арқасында салтанаты мен сәні жарасқан іс-шараға Көкшетаудың зиялы қауымы, Мәдениет саласының қызметкерлері, студенттер, БАҚ өкілдері көптеп қатысты.

Ақын, жазушы-драматург, журналист Төлеген Қажыбайдың рухани мұрасын, шығармашылығы мен өмір жолын көпшілікке насихаттау, жас ұрпақтың Төлеген тұлғасын жақыннан таныуына ықпал ету, көпшілік қауымды мәдени ошақтарға тарта отырып көркем әдебиетке ынталандыру, олардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, көркем сөзге деген қызығушылықтарын оятып, шығармашылыққа баулу мақсатында өткен іс-шара тартымды өтті, танымы мол болды. Осы орайда сахнаға өзіндік әр беріп, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармонияның әншілері Эльмира Төлеубаева, Әділ Құсайынов, Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогика колледжінің «Ақ қауырсын» поэзия клубы және «Назқоңыр» дуэтін ерекше атап өту керек.

Болашақ сарайының екінші қабатының фойесінде Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Төлеген Сыздықұлының өмір жолын айшықтайтын «Төбе бидей Төлеген» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Аталмыш іс-шарада Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әмренова, Ш.Уәлиханов университетінің профессоры, ф.ғ.к. Сәбит Жәмбек және Ш.Уәлиханов университетінің оқытушысы, ф.ғ.к. Аян Қажыбай, құрметті зейнеткер, еңбек ардагері Шабдан Тоқмырзин сөз сөйледі.

Ақын, жазушы-драматург, журналист Төлеген Сыздықұлы Қажыбайдың шығармалары көптомдығының тұсауын Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы мен жазушының ұлы Аян Қажыбай кесті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *