2020 жылдың 26 қаңтарында сағат 11:30–да Лингвокультурологиялық Жастар Орталығының «Полиглот» жобасын өткізу аясында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде Балалар Ағылшын Клубының (БАК) сапар-отырысы өтті. Бұл отырысты біз елтануды зерттеуге толық арнадық, атап айтқанда Францияға саяхат жасадық.
ДАК виртуалды сапар-отырысқа көмек ретінде «Әлемді кітап арқылы саяхаттау. Кругосветное путешествие через книгу. Tra-Well Around the World» атты экспедиция-кітап көрмесі қойылған. Бұл кітап көрмесі «Франция – әсем әуен елі»-«Французский вояж»-«Viva la France» және «Кескін кітап көрмесі» атты екі айдарды қамтиды. «Кескін кітап көрмесі» – Шарль де Голль (22.01.1890-1970) – қарсылық көшбасшысы, француз саяси мемлекет қайраткері, антигитлерлік коалиция басшыларының бірі туралы материал ұсынады. Бұл саяси қайраткердің өмір тарихы Франция тарихымен тығыз байланысты.
Негізгі тақырыбы: «Франция – әсем әуен елі»-«Французский вояж»-«Viva la France». Біздің отырысымыз қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде сәлемдесуден басталды. Біздің полиглотиктер үшін Франция туралы, Париждің көрікті жерлері, Париждегі Диснейленд туралы түрлі қызықты және танымдық тақырыптарға презентациялар дайындалды. Біз олардың салт-дәстүрлер туралы сөйлесіп, қазақтың дәстүрлерімен салыстырдық.
Содан кейін біз сәлемдесу және танысу сөздері мен ұғымдарын оқуға және үйренуге кірістік. Балалар үшін караоке-нөмір дайындалды, біз француз тілінде ән шырқап, халық билерінен жеке элементтерді билеуге тырыстық. Бимен шабыттана отырып, біз әлемнің әр түрлі халықтарының туларын боядық.
Отырысымыздың соңында балаларды зейінділік, шығармашылық, белсенділік үшін медальдарымен марапаттадық.