2021 жылдың 02 маусымында сағат 11:00-де М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК қызметкерлері Қазақстан Халық партиясының Ақмола филиалымен бірлесіп Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық акциясын өткізді.
Партия және М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК өкілдері Сандықтау ауылындағы №3 балалар үйінде болды, онда 3 жастан 18 жасқа дейінгі 47 бала тұрады.
Балаларға кітаптар, үстел ойындары, жұмсақ ойыншықтар, қарындаштар, бояулар және т. б. сыйға тартылды.
Акцияның мақсаты: балаларға пайдалы демалыс пен жайлылық үшін жағдай жасау арқылы қолдау көрсету. Бала өміріндегі кітап пен оқудың беделін қалыптастыру.
Балалар қатысқан дамытушы ойындар мен әңгімелер, балалар мен ересектердің бірлескен шығармашылығы ой-өрісті кеңейтуге көмектеседі, айналамызда не бар екендігі туралы білімді қалыптастыруға ықпал етеді, шығармашылық қызметке ынталандырады, балаларға жылулық, қуаныш пен күлкі сыйлайды.
Қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылған іс-шара балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, кітапханашылар арқылы жаңа достар табуға көмектеседі.
Іс-шара барлық санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.