14 ақпан – еліміздің барлық кітапханалары үшін ерекше күн – Халықаралық кітап сыйлау күні, оқуға деген сүйіспеншілікті оятатын және барлық кітап сыйлаушылардың басын біріктіретін күн. Осы айтулы күні, белсенді өмірлік ұстанымы бар адам – публицист, жазушы, журналист, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, қоғам қайраткері, Ақмола облысы Ассамблеясының кеңес мүшесі, қырық жылдық еңбек өтілі бар, жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі, көптеген марапаттардың иегері, он кітаптың авторы Әлия Қойшыбайқызы Ахетова Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына үш кітап сыйға тартты.
Бірінші кітап: «Вселенная Казахстан: созвездие первое» кітап авторы Әлия Ахетова. Автордың айтуы бойынша: «кітап – бұл достар, біз үшін қымбат, алыс пен уақытқа қарамастан тағдыр бізді жақындастырған барлық адамдар туралы очерк. Бұл – Қазақстанға деген сүйіспеншіліктің белгісі». Болат Мекебаев, Роберт Хеттич, Павел Макаров, Ғалым Бекмағамбетов, Юлия Желобкова, Виктор Осипов, Гүлмира Шалабаева, Наталья Дементьева және басқа да алғыс пен өтінішті күтпестен көмек көрсететін көптеген адамдар туралы шағын әңгімелер. Өмірге нұр мен үміт сыйлайтындарға.
Екінші кітап: «Жил я впервые на этой земле» Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры – Амир Ахетовке арналған. Өмірінің соңғы күніне дейін ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығының астаналық емханасын басқарды.
Үшінші кітап: «Сильнее всех невзгод» кітап авторы Айгүл Бескемпірова, повестер мен әңгімелер. Кітапқа «Сильнее всех невзгод» повесті және әрбір жаңа күні шағын жаңалық болып табылатын өмір туралы әңгімелер топтамасы енгізілген.