Халықаралық кітап сыйлау күні

14 ақпанда Халықаралық кітап сыйлау күні атап өтіледі, бұл күнтізбедегі ең жас мерекелердің бірі. Ол 2012 жылдан бері тойланып келеді. Халықаралық кітап сыйлау күнінің басты идеясы – қағаз кітаптың өзекті сыйлық болып қала беретінін және технология ғасырында да құндылығын жоғалтпайтынын көрсету.
Мереке қарсаңында – 10 ақпанда «Шексіз алғыс. Благодарность не знает границ» акциясы аясында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына үш кітапты сыйға тартты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *