12 қараша күні Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 115 жылдығына, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл және Қазақстанның көрнекті кітапхана саласы қайраткері Роза Бердіғалиеваның туғанына 80 жыл толуына арналған «Ұлттық библиографияны дамыту: тәжірибе, заманауи технологиялар мен интеграция мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Ақпараттық-библиография бөлімінің библиографтары Бектасова Асемгүл Мерамбайқызы мен Шарипова Баршагүл Далабайқызы қатысыты.
Конференция барысында Ресей, Қырғызстан, АҚШ, Якутия және Zoom арқылы бірнеше мемлекет қатысып, ғылыми- тәжірибе алмасу өткізіліп, ұлттық библиографияның даму бағыттары, заманауи технологияларды енгізу, сондай-ақ кітапханалар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Біздің әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз!




