1997 жыл бойы еліміздің тарихындағы көлеңкелі тұстарға айрықша назар аударылды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні жыл сайын 31 мамырда аталып өтуде. Атаулы іс -шараға М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мерзімді басылымдар залы «Халықты қамықтырған қаралы жылдар» атты екі тілде ақпараттық көрме ұйымдастырды. Бұл көрмеде осы тақырыпқа байланысты барлық мерзімді басылымдар қойылып, көпшілік оқырман назарына ұсынылып отыр. Және қосымша ретінде бейнеролик жасалынып, әлеуметтік желіге жүктелді.