12 наурыз 2024 жылы Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітпаханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары «Алаш қайраткері-Шаймерден Қосшығұлов» 150 жыл толуына орай ақпараттық сағат ұйымдастырды. Көрнекті Алаш қайраткері, діндар Шаймерден Қосшығұлұлы 1874 жылы Ақмола облысы Көкшетау уезі Қотыркөл болысында туған. Көкшетау мешіті жанындағы интернаттың мұғалімі болып жұмыс атқарды. Жас шағында ауыл молдасынан хат таниды, кейін Көкшетаудағы Науан хазірет медресесінде және Бұхарада оқиды. Керей руының Ақсарыдан шыққан. Патша өкіметі 1903 жылы шілдеде Шаймерденге – 5 жыл, Науанға – 3 жыл кесіп, Үркіт генерал-губернаторының бақылауына Батыс Сібірге жіберіледі. Бұл жерден оларды Якутияға жер аударады.