Шет тілі апталығы

2025 жылы 7 сәуір күні М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінің ұйымдастыруымен «Оқытушыларға көмек. В помощь преподавателю. To help the teacher» Шет тілі апталығының ашылуы өтті.
Қонақ ретінде №2 ОМ оқушылары қатысты. Кездесу бүгінде танымал және өзекті кітаптарға шолу жасаудан басталды. Балалар кітап оқудың пайдасы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Ағылшын тіліндегі кітаптардан үзінді оқыдық. Ал «Two Truths and a Lie» ойыны кездесудің қызықты сәті болды. Кездесу барысында қатысушылар ағылшын тілін жақсы меңгеру деңгейін көрсетті.
Белсенді қатысқаны үшін балалар тәтті сыйлықпен марапатталды.
Кездесу фотосессиямен аяқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *