Шет тілі апталығы. Оқытушыларға көмек.

10 сәуір күні М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК шет тілі апталығы аясында Красный Яр ауылы, №1 ОМ 9 сынып оқушыларына арналған «Where is Logic?» лингвистикалық ойыны өтті.
«Где логика?» бағдарламасы негізіндегі бұл ойын, көп
деңгейлерден құралған. Қатысушыларға шығармашыл көзқарасты талап ететін жеңіл логикалық ребустардан қиын ойжұмбақтарға дейінгі тапсырмалар берілді.
Ойын нәтижесінде балалар керемет білгірлікті көрсетіп, жеңімпаздар және барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Кім
жеңгені аса маңызды болған жоқ, қатысушылар үшін қарым-қатынас жасау, топта бірігіп жұмыс істеу, және жағымды
көңіл-күй әлдеқайда маңызды болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *