Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері 29 қаңтар күні №8 мектепте қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, шығыстанушы, фольклоршы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов Ұлы даланың ұлы» атты тарихи кеш ұйымдастырды. Іс-шара Шоқан Уәлихановтың еңбек жолын өскелең ұрпаққа насихаттау, оның өр тұлғасын үлгі қылу мақсатында өтті.
Тарихи кеште Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбектері жайында қызықты деректер айтылды. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында найзағайдай жалт етіп, ғылымға, тарихқа зор үлес қосқан Шоқан жайлы оқушылар да білгендерін, оқыған шығармаларын ортаға сап, іс-шараны қызықты қыла білді. Қаламыздағы Шоқан Уәлихановқа қатысты дүниелердің барлығын да білетін оқушылар қазақ ғалымына, қазақ ғылымына деген құрметтерін көрсетті.
Іс-шара сонында оқушылар жазғы демалыстарында Айыртау ауданы, Сырымбет ауылдағы ғалымның музейіне баратындарын айтты.