Шоқан Уәлиханов және қазақ мәдениеті

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен №12 мектепте ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, фольклоршы, ғалым Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов және қазақ мәдениеті» атты дөңгелек үстел өтті.
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген қанатты сөз бар. Саяхатшы Шоқан Уәлихановтың артына қалдырған мол ғылыми мұралары кейінгі ұрпақ үшін – алтын қазына. Шоқан саналы ғұмырында болашақ ұрпақ үшін аянбай еңбек еткен тұлға.
Шоқан Уәлихановтың еңбектерін насихаттау мақсатында өткен іс-шарада ғалым жайлы жазылған кітаптар таныстырылды. Оқушылар тарапынан да Шоқан Уәлихановқа байланысты қызықты деректер айтылды. «Жоңғария очерктері», «Қазақ поэзиясының түрлері туралы», «Қашқария сапары» сынды еңбектеріне тоқталып, қысқаша шолу жасалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *