Шоқан Уәлиханов — Ұлы даланың ұлы

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақтың біртуар ғалымы, саяхатшы, этнограф, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 190 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов — Ұлы даланың ұлы» атты тарихи кеш өткізді.
Іс-шара қазақ халқының рухани-мәдени мұрасын зерттеп, ғылымға өлшеусіз үлес қосқан Шоқан Уәлихановтың өмір жолын, ғылыми еңбектерін жас ұрпаққа таныту мақсатында өтті.
Тарихи кешке Көкшетау қаласындағы №11 мектеп-гимназиясының 7 сыныпта оқитын кадеттері қатысты.
Кеш барысында кітапхана қызметкері Шоқан Уәлихановтың өмір жолы, еңбектері, саяхаттары, ғылыми жаңалықтары жайлы баяндап берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *