Күллі әлемге аты танылған Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, ағартушы. Балалық шағы ізденіске толы Шоқан, ақындардың өлеңдеріне, сан-алуан аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызығып өсті.
Қазақтың тұңғыш ғалымы өзінің қысқа ғана өмірінде талай еңбектерімен ғылым мен мәдениеттің дамуына зор ықпал етті. Ғылыми мұрасы бүгінгі заманға да аса құнды және маңызды.
Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі осындай жарық тұлғаның 190 жылдығына орай «Күмәнданудың қорғану күші. Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов. Спасательный дух сомнения. The Flame of the Star» атты пост ұсынады.
