Шәкәрім оқулары

12 наурыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастырған «Шәкәрім оқуларының» облыстық кезеңін өткізді. 2023 жылы бастау алған бұл байқау дәстүрге айналып, биыл үшінші рет өткізіліп отыр.
Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау, қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу мақсатында өткен байқауға Ақмола облысының аудандары мен қала мектептерінің оқушылары қатысты. Арнайы құрылған қазылар алқасы қатысушылардың тіл тазалығына, өлеңді мәнерлеп оқуына мән беріп, шешім шығарды.
Қазылар алқасының шешімімен ІІІ орын Аршалы ауданы, Жұмабек Тәшенов атындағы мектептің 8 сынып оқушысы – Ахай Іңкәр; ІІ орын Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы ІТ мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы – Әлібекқызы Назым; І орын Целиноград ауданы, Нұресіл жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушысы – Еділхан Нұрислам Естайұлы иеленді. Жүлдегерлер мен қатысқан барлық оқушыларға диплом мен алғыс хат табысталады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *