15 тамыз көрнекті композитор, қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі «Белсенді ұзақ өмір» орталығымен бірлесе отырып, халқымыздың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына «Шәмші аға – Ән аға» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырды. «Белсенді ұзақ өмір» орталығы жанынан құрылған фольклорлық ансамбль ұжымының жетекшісі Кенжебай Мұқышев, Жармұхамет Саменов, Ғалым Омаров, Рая Хамзина, Марфуға Жаманбаева: «Ана туралы жыр», «Әнім сен едің», «Шәмшімен сырласу», «Көгілдір Көкше» хор ұжымы Шәмші Қалдаяқовтың ең сүйікті әндерінен құралған попуррин орындады. Кеште қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.