3 ақпан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттері үшін Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығы аясында «Ыбырай ізімен» танымдық сағатын өткізді.
Шараның мақсаты қазақтың тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның білім беру саласына қосқан үлесін насихаттау, оқуға, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Студенттер Ыбырай шығармаларынан үзінділер оқып, оның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Сонымен қатар, шағын викторина ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты.





