ЭДГАР РАЙС БЕРРОУЗ – американдық жазушы, ХХ ғасырдағы танымал қаламгерлердің бірі. Белгілі әдебиетшінің туғанына биыл 150 жыл толып отыр.
Болашақ жазушы 37 жасқа қараған шағында әдебиетте бірінші қадамдарын жасайды. Сол уақытта жарыққа шыққан «Принцесса Марса» атты алғашқы туындысы оқырман арасында сәтті қабылданды. 1914 жылы Эдгар Берроузқа нағыз танымалдылық әкелген әйгілі әдеби кейіпкер – Тарзан туралы үлкен топтамадағы алғашқы кітабы жазылады. Жалпы, белгілі қалам иесінің жемістілігі фантастика және фэнтези жанрларында жазылған ондаған романдармен көрінеді. Одан бөлек, аталып кеткен әдеби жанрлардың АҚШ-та дамуына өзінің үлкен үлесің қосты.
Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі қаламгердің 150 жылдығына арналған «Айды аспанға шығарған Берроуз. Основатель фантастики 20 века. The Founder of 20th Century Fiction» атты медиавояжды оқырмандар назарына ұсынады.