Экскурсия

13 тамыз күні Мағжан Жұмабаев атындағАқмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына Ақмола облысы бойынша ҰҚК департаментінің  жас қызметкерлері келді. Оларға кітапхана бойынша мазмұнды экскурсия өткізілді, бөлімдері мен қызметтерімен таныстырылды. Сондай-ақ, қатысушылар «Абай әлемі» атты кітап көрмесін тамашалап, Абай Құнанбайұлының поэзиясымен және өзектілігін әлі де жоғалтпаған «Қара сөздер» кітабымен танысты, сондай-ақ автордың өмір жолы жайлы көптеген қызықты деректер білді. Көрермендердің назарын аударған келесі көрме – «Кітап – мәңгілік мұра» болды. Ол Қазақстан әдебиетінің ең үздік 100 кітабына арналған. Бұл жүздікке классикалық туындылар да, қазіргі қазақстандық авторлардың еңбектері де енген: көркем романдар, повестер және өлеңдер жинақтары. Қонақтарды кітап оқуға шақырды, өйткені мұнда таңдау өте мол.

Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері жаңа әдебиеттермен танысты. Экскурсия фотосессиямен аяқталды.