Экскурсия

5 ақпан күні Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК №12 Жалпы білім беру мектебінің 6 сынып және №6 Жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушылары жерлесіміз,жазушы, драматург, ақын Төлеген Сыздықұлы Қажыбаевтың жазушы кабинетіне экскурсияға келді. Жазушы кабинетінде Төлеген Сыздықұлы Қажыбаевтың өзі қолданған заттары, кітаптары, құнды жәдігерлері бар. Үйіндегі жеке кітапханасынан ұлы, Әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Аян Төлегенұлы сыйға тартқаны жайлы да баяндалды. Сакура ағашының гүлдегенін көзі тірісінде көруге армандаған жазушы ағамыздың кабинетіне Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледж директоры, Педагогика ғылымдары академиясының академигі, Қазақстанның Еңбек сіңірген ұстазы Нұртас Ахатұлының сыйлағаны да атап өтілді. Жеке заттарымен, асыл мұрасымен, қолжазбалары, жеке қолданған заттары және төсбелгілері мен толықтай таныстырылды. Жеке ғылыми жұмыстармен айналысатын әрбір оқырманға ыңғайлы кабинет.
Одан соңды экскурсияға келген оқырмандарды Қазақстанның Халық жазушысы, драматург, публицист, әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері Сәкен сері Жүнісовтің мәжіліс залымен де толық таныстырылды. Мәжіліс залында Сәкен сері Жүнісовтің жеке кітапханасынан алынған кітаптары мен фото-суреттері қойылған. Оқушылар оқу залы және балалар әдебиеті залдарымен де танысып әдебиеттер алды.
Оқушыларға өте қызықты болды, сауалдар қойды, өз ойларын ортаға салды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *