Эрнст Теодор Гофман

Эрнст Теодор Гофман — неміс әдебиеті мен музыка өнерінде айрықша із қалдырған ақын әрі жазушы.
Ол шығармашылық жолын музыкант ретінде бастап, көптеген музыкалық туындыларды, соның ішінде алғашқы неміс романтикалық операсын дүниеге әкелді. 1809 жылдан бастап әдебиетке бет бұрып, романдар, ертегілер, пьесалар мен новеллалар жазды. Әсіресе оның новеллалар жинақтары оқырмандардың жоғары бағасына ие болды. XIX ғасырда Гофман ең көп оқылған неміс қаламгерлерінің қатарына еніп, шығармалары бірнеше рет қайта басылып шықты. Оның туындылары қиял мен шынайылықты астастырып, ерекше көркемдік әлемімен танылды. «Здесь оживают сказочные сны. Fabulous Adventures in the World of Dreams» атты медиовояж Эрнст Теодор Гофманның өмірі мен шығармашылығына арналған.
Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі.