3 желтоқсан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесе қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы, тарихи роман жанрының жаңашылы, ұлттық рухты оятқан қаламгер Ілияс Есенберлиннің 110 жылдық мерейтойына орай «Ілияс Есенберлин тағылымы: тарихи жад пен әдеби таным» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға аталмыш мектептің 9 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға алдын-ала «Көшпенділер» трилологиясын үш топ болып, яғни үш кітапты өзара бөліп алып, оқу тапсырмасы берілді.
Кітапханашы Жадыра Мыңжасарқызы Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы бойыншы қызықты ақпарат берді және дайындап әкелген видео көрсетілімі өтті. Ал, оқушылар жазушының «Көшпенділер» тарихи романы бойынша дайындаған постерлерін таныстырып, оқыған шығармадан алған әсерлерімен бөлісті.
Осы дөңгелек үстелге жоғары деңгейде дайындалған ұстаздар мен оқушыларға кітапхана ұжымының атынан естелікке кітаптар сыйланды.









