Ілияс Есенберлин

2025 жылы Қазақ хандығының бес ғасырлық тарихы туралы «Көшпенділер» атты атақты трилогияның авторы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толады. 26 ақпанда тарихи-өлкетану мұражайында іс-шара өтті. Іс-шараға Көкшетау қаласының құрметті азаматтары мен шығармашылық зиялы қауым қатысты.
Шара барысында Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы дайындаған «Алты Алаштың ардақтысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда ұлы қазақ жазушысының өмірі мен қызметі туралы материалдар мен оның шығармалары ұсынылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *