Сәуір айында біздің оқырмандарымыздың назарына шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде екі көрме ұсынылған: Елизавета II Виндзордың 95 жылдығына арналған (21.04.1926) «Британия ханшайымының түп тамыры» – «Elizabeth II Royal Family Tree» және 22 сәуір – Халықаралық Жер күні және Халықаралық құстар күніне орайластырылған экокомпас-кітап көрмесі: «Киелі біздің Жер-Ана» – «Земля наш общий дом» – «Save the Earth».
Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия патшайымы Елизавета II Виндзор өзінің билігі жылдарында тек жарқын саяси қайраткер ғана емес, сонымен бірге әлемдік мәдениеттің ажырамас бөлігі деп сеніммен айтуға болады. Патшайым Елизавета Александра Мария Ұлыбритания мен бүкіл әлем тарихындағы ең ұзақ монархия билеушісі болып саналады.
Сіз, патшайым тек монарх және шіркеудің басшысы ғана емес, сонымен қатар, желкенді кемеде жүруді жақсы білетіндігін, атпен жүретіндігін, сондай-ақ Ұлыбритания Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып табылатындығын және тіпті көмекші аумақтық қызметтің кіші командирі ретінде соғысқа қатысқаннын білесіз бе?
Ұлыбритания тарихы, патшайым және оның отбасы туралы ағылшын тіліндегі танымдық материалды кескін-кітап көрмесінде қойылған кітаптардан табуға болады: The History of England. Parliamentary Monarchy; Kolodyazhnaya Larissa. This is Great Britain; И.А. Благовещенская, Н.А. Кучаева «Страноведение»; Г.А. Вейхман. Английские нравы и обычаи және «Speak Out» журналдары.
Біздің экокомпас-кітап көрмесінің екі бөлімі бар. Біреуі – “Ядролық қарусыз әлемге”, екіншісі – жыл сайын 1 сәуірде атап өтілетін “Халықаралық құстар күніне” арналады. Бұл – халықаралық экологиялық мереке. Оның мақсаты – түрлердің әртүрлілігі мен құстардың санын сақтау. 01.04.1906 жылы құстарды қорғау туралы халықаралық конвенцияға қол қойылды. Айтпақшы, мереке күні кездейсоқ таңдалған жоқ: дәл осы уақытта құстар жылы жақтан оралады. Бұл күні ересектер мен балалар суда жүзетін құстардың мекендейтін жерлерін абаттандырады, құсқа жем салатын жаңа астауларын және құстар үйін іліп қояды. Қазіргі уақытта Халықаралық құстар күні ЮНЕСКО-ның “Адам және биосфера” биологиялық бағдарламасы аясында әлемнің көптеген елдерінде өтіп жатыр.