Қазақстанның тарихи құндылықтары

2021 жылдың 3 маусымында шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде Лингвотоқсан өткізу аясында “Funny English” Балалар Ағылшын клубының «Қазақстанның тарихи құндылықтары. День Государственных символов. Historical Background» атты навигатор-отырысы өтті.
4 маусымда ҚР Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі, біздің отырысымыз осы мерекеге арналған. Отырыс Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.
Содан кейін біз “Қазақстан. Мемлекеттік рәміздер” презентациясын көріп, тақырып бойынша жаңа сөздерді ағылшын тілінде жаттадық.
Балалар үшін “Республикамыздың рәміздерін білесің бе?” викторина ойыны дайындалған болатын, әр қатысушыға бұл ойын оңай болды.
Дәстүр бойынша біз “Hello To All the Children Of the World” – қатысушыларымыздың сүйікті әнін шырқадық. Осындай жағымды нотамен біз “Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз” флешмобына көштік, онда балаларға өздерінің таланттарын көрсетуге мүмкіндік берілді: би билеу, ән шырқау, өлең оқу, сурет салу. Полиглоттардың әрқайсысы өткен отырысқа риза болып, үйлеріне керемет көңіл-күймен кетті!
Мемлекеттік рәміздер әрбір қазақстандықтың жынысына, жасына және ұлтына қарамастан азаматтық ұстанымы мен патриоттық сезімін білдіретінін түсінеміз. Отанымыз да, жеріміз де және мемлекеттік рәміздеріміз де бір. Оларды мақтан тұтып, қорғайық!

Leave a Reply