Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимні Мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Аталмыш мерекеге орай, Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның «Шамшырақ» балалар коворкинг орталығы «Рәміздер – тәуелсіздік белгісі»атты стенд және танымдық бейнеролик ұйымдастырды. Аталмыш бейнероликпен стендте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жайлы ақпарат берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *