8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жаңа Жолдауы жарияланды. Бұл құжат – еліміздің алдағы жылдардағы даму басымдықтарын айқындайтын стратегиялық бағдарлама болып табылады. Жолдауда экономиканы жаңғыртуға, адами капиталды дамытуға және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға ерекше назар аударылды.
Магжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы мекеме директоры Қуаныш Ерғалиұлы Оспановпен бірге Қазақстан Республикасының Президентінің жаңа Жолдауын зор қызығушылықпен тыңдап, әр қызметкер ел үшін де, өздері үшін де жаңа басымдықтарды айқындап алды. Бұл маңызды шараға жергілікті телеарна өкілдері де қатысып, кітапхана қызметкерлерінің екеуі өз ойларымен бөлісті.