Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел

19 қыркүйек күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің модераторлары: Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы – Сәбитова Айгүл Баубекқызы және мәдениет ұйымдарының жұмысына қолдау көрсету бөлімінің басшысы – Бейсембаева Дина Уақытқызы. Модераторлар мәдениет мекемелерінің жұмысын сипаттап, Жолдауды жүзеге асыру бойынша негізгі жұмыс жоспарларын белгіледі. Дөңгелек үстел жұмысына мәдениет мекемелерінің директорлары мен шығармашылық қызметкерлері қатысты